01 там, 2021 сағат 16:38

Токио-2020: Әбілхан Аманқұл бразилиялық боксшыдан жеңілді


Токио Олимпидасында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 келі) бразилиялық боксшыдан ұтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ширек финалда Аманқұл бразилиялық Эберт Соусамен кездесті. Бірінші раундта жерлесіміз бірнеше соққыны өткізіп алды. Бірақ өзі де қарап қалған жоқ, Жойқын соққылары діттеген жеріне жетті. Алайда бес төрешінің екеуі ғана Аманқұлға жоғары ұпай берді. Екінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Алайда үшінші раундта қарсылас басым болды. Қорытынды есеп - 2:3.


Бұған дейін Аманқұл өзбек боксшысы Фанат Қахромоновты жеңген болатын.

Айта кетері, Олимпиадада үш боксшымыз қалды. Кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финалға шықты. Бүгін рингке Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шығады.