29 шіл, 2025 сағат 11:06

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды: Анкарада Ердоған қарсы алды

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің көшбасшылары аз-кем әңгімелесті. Қонақжай көңіл білдіргені үшін Тоқаев Ердоғанға алғыс айтты:

«Әуежайға келіп қарсы алғаныңыз үшін көп рақмет. Бұл — мен үшін үлкен құрмет. Бізді ешқандай түйткіл емес, тек туыстық пен ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар өтеді. Бағдарлама мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын», – деді Қ. Тоқаев.


29 шілдеде қос ел басшылары кеңейтілген форматтағы келіссөздер өткізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту жолдарын талқылайды деп жоспарланған.

Сапар барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Бұл кездесу екі ел арасындағы тарихи және саяси-экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтермек.