Фото: ҚТФ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаны WTA 1000 санатындағы турнирдегі тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны @lenarybakina құттықтаймын.
Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.
Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!", - деп жазды Президент Instagram-парақшасында.
Еске сала кетейік, Елена алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.