31 мам, 2019 сағат 16:30

Тоқаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы, соның ішінде халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Сонымен қатар, екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасты.