21 қар, 2025 сағат 15:40

Тоқаев пен Пашинян кездесуі: екі ел 15 құжат бойынша келісімге келді

Фото: Ақорда

Астанаға ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екі елдің ресми делегациялары бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды Ult.kz.

Келісімдер саяси, экономикалық, технологиялық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларын қамтиды.

Алмасқан негізгі құжаттар:

  1. Құпия мәліметтерді беру, қолдану, қорғау және сақтау туралы келісім.
  2. Екі елдің дипломатиялық өкілдіктеріне арналған жер телімдерін бөлу туралы келісім.
  3. 2026–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы.
  4.  Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандум.
  5.  Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  6.  Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  7.  Қазақстан мен Армения сыртқы істер министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.
  8.  Денсаулық сақтау министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен шаралар жоспары.
  9.  Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім.
  10.  Екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы меморандум.

Сондай-ақ кино, өнер, атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану, ғылым, жоғары білім және дипломатиялық кадрларды даярлау салалары бойынша да маңызды құжаттар қабылданды.

Бұл келісімдер Қазақстан мен Армения арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа бағыттар бойынша серіктестікті кеңейтуге жол ашады.