Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген Жарлық мәтінінде.
Сондай-ақ Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев "Парасат" орденін кеудесіне тақпақ.
Ал, Нұрдәулет Жұмағали "Құрмет" орденімен марапатталды.