Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды", – делінген хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 24-25 сәуір күндері Астанадағы президенттік орталықта өтеді.