19 қар, 2025 сағат 10:34

Тоқаев қайтыс болған медбикені «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады


Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған медбике Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Ult.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды" - делінген хабарламада.

Ұлдана Мырзуан жансақтау бөлімінде 10 күн жатып, 18 қарашада көз жұмды.