© Photo: Olympic.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты айтулы жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі", - делінген хабарлама мәтінінде.