Фото: Ақорда
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан шығарып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, бұл қадам нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті күшейтіп, мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
