Фото: Ақорда
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметшісі Руслан Желдібай хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения қол қойған келісімді екі ел арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты тоқтататын, дипломатиялық қатынасты орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашатын тарихи қадам деп бағалады.
Президенттің айтуынша, мұндай уағдаластыққа қол жеткізу АҚШ Президенті Дональд Трамптың тиімді бітімгерлік миссиясының арқасында мүмкін болды. Ол Әзербайжан мен Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан маңызды шешім қабылдауға көндіре алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да бұл келісімге елеулі үлес қосқанын атап өтті. Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарын талқылау үшін Алматыны сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде ұсынды.
Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.
