23 жел, 2025 сағат 18:11

Тоқаев Азамат Кескінбаевты жаңа қызметке тағайындады


Фото: qazpost.kz

Азамат Кескінбаев Президент Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

"Қазпошта" АҚ-ның әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Азамат Кескінбаев 2009 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы Мәскеудегі Жоғары экономика мектебінде экономика магистрі дәрежесін алған.

2015 жылдан бері "Қазпошта" АҚ-да қызмет еткен. Биыл ақпанда "Қазпошта" АҚ басқарма мүшесі, қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған.