Фото: Gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жиында елордада іске асырылып жатқан «Ақылды қала» жобасының маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, Үкімет пен Астана әкімдігі бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Ауқымды жобаны ресми түрде іске қосу 2025 жылғы желтоқсан айына жоспарланған. Мемлекет басшысы осы тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларында қолдануды тапсырды.
Сонымен қатар Қ.Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел үшін айрықша маңызға ие екенін ескертіп, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды. Ол жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілу қарқыны баяу екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Президент Үкіметке жасанды интеллектіні дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырғанын жазған болатынбыз.
