05 қаң, 2017 сағат 09:55

«Титаниктің» суға батуының жаңа бір себебі анықталды

Ұлыбританияның «The Independent» басылымында әйгілі «Титаник» кемесінің суға батуының жаңа бір себебі туралы мақала жарияланды. Мақаланы 30 жылдан бері суға кеткен кемені зерттеумен айналысып келе жатқан тілші-ғалым Шенан Молони жазған.

Британдық зерттеуші «Титаник» кемесі апатты жағдайда аттанғаны жайлы хабарлап отыр. Кеме Саутгемптон портынан шықпай тұрып, отын қоймасынан өрт шыққан. Жауапты мамандар апатты білгенмен, аса қауіпті санамаған. Қызметкерлерге құпия сақтауын өтінген. Нәтижесінде өрт ұзақ уақытқа созылып, кеменің темір қаптауының беріктігін 75%-ға дейін еріткен. Ал айсберг өрт шығып жұқарған қаптауға келіп соғысқан.

Шенан Молони кемеде өрт болғанын фотолардан да анықтауға болатынын өз зерттеуі бойынша дәлелдеп отыр. «Титаниктің» отын қоймасы орналасқан бөлігінен күйік бар екенін де аңғаруға болады» - дейді кемені зерттеуші. Осылайша әйгілі кеменің суға кетуіне тек айсберг қана себеп емес екені мақалада жазылған.

Айта кетейік, ХХ ғасырдың ірі апаттарының бірі – «Титаник» кемесінің суға батуы. Ол әлемдегі ең ірі жолаушылар тасымалдайтын кемелердің бірі болған. Кеме 1912 жылы 14 сәуір күні өзінің алғашқы сапарын жасайды. Сол күні Атлант мұхитында мұзтауға соқтығысып, 2 сағат 40 минутта батып кетеді. Бортта 1316 жолаушы мен 892 экипаж мүшелері, барлығын қосқанда 2208 адам болған. 1496 адам қаза тауып, аман қалған 712 адамды көмекке келген «Карпатия» кемесі құтқарған.

massaget.kz