Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оны Астанада өтіп жатқан Атамекен ҰКП ІV Съезінің делегаттары бірауыздан бұрыңғы лауазымына сайлады.
«Бүгін басқарма атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бұл бәріміздің ортақ жұмысымыз. Съезге өңірлік кеңестер, аудандық өкілдіктеріміз қатысып отыр, тұтас республика бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы ауқымды жұмыстардағы менің еңбегімді бағалағандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын», - деді Т. Құлыбаев.