Фото: Getty Images
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Маска берген сұқбатында қайта сайланған жағдайда Ресей президенті Владимир Путинмен тағы да "тіл табысуға" үміттенетінін айтты.
Сұқбат Х желісінде жарияланды, деп жазады "РИА Новости".
Әңгімелесу барысында Трамп қайта сайланған жағдайда Ресей көшбасшысымен тағы да "тіл табысуды" күтетінін мойындады. Оның айтуынша, бұл өте жақсы мәнге ие болар еді.
Сондай-ақ АҚШ-тың 45-президенті Путинді Украинаға қарсы кез келген шабуылдан сақтандырғанын айтты.
"Мен Владимир Путинге "Бұлай істеме, мұның қажеті жоқ" деп айттым... Бұл біздің соңғы тілдесуіміз болды. Ол мұндайға ешқашан бармас еді, ал біздің қарым-қатынасымыз жақсы болатын. Біз онымен қайты тіл табысамыз деген үміттемін. Бұл жаман емес, керісінше жақсы болар еді", - деді ол.
Трамптың пікірінше, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Украинаның НАТО-ға мүшелігіне рұқсат беру арқылы "ақымақтық" жасаған.