Фото: ашық дереккөз
TikTok пайдаланушыларға ұсыныстар арнасындағы контентті басқаруды жеңілдететін жаңа функцияларды іске қосты, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді платформада тақырыптарды баптау, негізгі сөздер бойынша кеңейтілген сүзгілер орнату және жекелендірілген контентті қалыптастыру қағидаларын түсіндіретін білім беру ресурстары қолжетімді.
«Тақырыптарды басқару» функциясы контентті қызығушылықтарыңызға сай баптауға мүмкіндік берсе, «Кеңейтілген сүзгі» қажетсіз мазмұнды синонимдер мен ұқсас сөздер арқылы да сүзеді. Бұл жаңартулар цифрлық кеңістікті ыңғайлырақ етуге бағытталған.
Сонымен қатар, TikTok Қауіпсіздік орталығы ұсыныстар арнасының қалай жұмыс істейтіні және оны басқару тәсілдері туралы ақпарат беретін жаңа бөлімді ұсынды. Жаңартулар ересектер мен жасөспірімдерге арналып, платформадағы контентті бақылауды оңтайландырады.