27 қаз, 2016 сағат 13:55

Террорлық акт негізінде прокурор Күлекбаевқа өлім жазасын беруді сұрады

 

Бүгін Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот талқысының төртінші күні өтіп жатыр. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Жарқынбек Бақашбаев Күлекбаевқа өлім жазасын сұрады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата заң атынан, қылмыстық істерді жүргізуде прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттік негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп, мүлкін тәркілеп, өлім жазасын беруді сұраймын», деді Бақашбаев.

Прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Людың мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкін тәркілеп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкін тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруды, Құсайыновты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.