Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан - Канада матчы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы болып Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Канададан Брейден Шнур шықты.
Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық танытты - 6:3.
Екінші сетте тай-брейкте Шнурдың жолы болды - 7:6 (7:5).
Үшінші, шешуші партияда әуелі канадалық спортшы брейк жасағанымен, Кукушкин алысқа ұзатқан жоқ. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 7:5.
Тартысты өткен бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.
Енді жекелей сында Александр Бублик пен Вашек Поспишил шеберлік байқасады.