Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Андре Горанссон - Роберт Линдстердтпен кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3.
Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен ұтты.
Қазақстандықтар ертең Канада командасымен ойнайды.