Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Вашек Поспишилмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Бублик екі рет брейк жасады - 6:2.
Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте қазақстандық теннисші қарсыласының сетбол жасауына мүмкіндік бермеді. Сосын өзі матчболын мүлт жіберген жоқ - 7:6 (8:6).
Бәсеке барысында Бублик 18 эйс жасады. Сөйтіп А.Бублик есепті 2:0-ге жеткізді. Енді жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.
Осылайша Қазақстан құрамасы кеше Швецияны жеңсе, бүгін Канаданы сүріндіріп, алтыншы рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты.