10 қыр, 2021 сағат 19:55

Теннис: Тимофей Скатов Киев турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстандық Тимофей Скатов Киев челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған Скатов ширек финалда әлемнің 283-ракеткасы, португалиялық Нуно Боргеспен күш сынасты.

Бірінші партияда тай-брейкте португалиялық теннисші әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Дегенмен бұдан кейін қазақстандық спортшы ойын тізгінін қолына ала білді – 6:4, 6:4.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 3 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Скатов финалға шығу үшін рейтингте 291-сатыдағы италиялық Франко Агаменонемен таласады. Ол украиналық Алексей Крутыхты 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалда түркиялық Ерги Киркинмен шеберлік байқасады.