Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 327-ракеткасы, франциялық Эван Фернеспен күш сынасты.
Бірінші партияда франциялық теннисші басым болды – 6:4.
Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Үшінші, шешуші партияда Т.Скатов шеберлігін таныта білді– 6:4.
Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағат 5 минутқа созылды.
Т.Скатов финалға шығу үшін әлемнің 279-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен таласады. Ол ширек финалда екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта болгариялық Димитар Кузмановты жолдан тайдырды – 7:6 (7:1), 6:3.