Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 385-ракеткасы, отандасы Денис Евсеевпен кездесті.
Бірінші партияда Д.Евсеев айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Екіншісінде Т.Скатов дәл сондай есеппен жауап қайырды - 6:1.
Үшінші, шешуші сет әлдеқайда тартысты болды. Ақыры Скатов 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Т.Скатов Алматы додасының жартылай финалына шығу үшін рейтингте 327-сатыдағы франциялық Эвен Фернеспен таласады.
Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін румыниялық Филип Жиянумен шеберлік байқасады.