13 мау, 2021 сағат 15:15

Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің финалында жеңіліп қалды


Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Скатов финалда әлемнің 259-ракеткасы, бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты.

Бұл 20 жастағы Скатовтың челленджер жарыстарындағы алғашқы финалы еді.

Бірінші партия 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің еншісінде кетті.

Екіншісінде 22 жастағы Бергс басымдылық танытты – 6:3.

Ол үшінші, шешуші сетте де мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Финалдық бәсеке тура екі сағатқа созылды.

Қазіргі кезде Алматыда дәл осындай екінші челленджер жарысының іріктеу сайыстары өтуде.