Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды.
Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты. Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді.
Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр. Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.