Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Франция ашық чемпионатының 21-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина үшінші айналымда ресейлік Елена Веснинамен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Е.Рыбакинаның айқын басымдылығымен өткен бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.
Қазақстандық спортшы матч барысында 12 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы бір эйс, бір брейкпен шектелді.
Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін америкалықтар, кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 22 мәрте чемпионы Серена Уильямс немесе Даниэль Коллинздің қай жеңгенімен таласады.
Осылайша Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына өтіп отыр.