Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші матчында дүниежүзілік рейтингте 31-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады.
Е.Рыбакина 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңіске жетті.
1 сағат 17 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Е.Рыбакина жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 59-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен таласады.