Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингіде үш саты жоғарылады, депхабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Рыбакина 19-дан 16-орынға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады.
Юлия Путинцева 44-сатыда қалса, Зарина Дияс 100-ден 102- ге сырғып, үздік жүздіктен шығып қалды. Жібек Құламбаева 533-тен 515-ке көтерілді.
Жұптық сында Рыбакина 49-ыншы, Анна Данилина 84-орында келеді. Жібек Құламбаева мен 16 жасар Дана Байдәулет сәйкесінше 75 және 640 сатыға жоғарылады.
Сөйтіп Құламбаева 397-інші, ал Байдәулет 975-орынға жайғасты.