Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина апта сайын өз көрсеткішін жақсартуда.
Қазіргі таңда ол рейтингте 12-ші орында тұр. Бұл - отандық теннисте бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар арасында Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, 42-ші орынға, ал Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтерілді.
Енді олар ертең басталатын Аустралия ашық чемпионатында да сәтті өнер көрсетсе, рейтингте тағы көтеріледі.