Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 16-дан 14-орынға көтерілді.
Бұл оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Юлия Путинцева 44-тен 42-сатыға жоғарыласа, Зарина Дияс үздік жүздікке қайта оралды. Қазір Зарина 98-орында келеді. Гөзал Айнитдинова 481-інші, Жібек Құламбаева 515-орында.
Жұптық сында Е.Рыбакина 49-орында қалса, Анна Данилина 79-сатыға көтерілді. Жібек Құламбаева (395) мен 16 жасар Дана Байдәулет (963) өз көрсеткіштерін жақсартып келеді.
Ерлер арасында АТР рейтингісінде Александр Бублик 36-орнында қалса, Дмитрий Попко 170-сатыда келеді. Михаил Кукушкин 177-ден 187-ге сырғыды. Тимофей Скатов 264-тен 262-ге жоғарылады. Денис Евсеев 393-орында. Бейбіт Жукаев бірден 25 саты көтеріліп, 724-орынға жайғасты.
Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 75-тен 72-сатыға шықты.