14 мау, 2021 сағат 11:54

Теннис: Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді


Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) дүйсенбіде жаңартылған рейтингісінде Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина 22-ден 21-сатыға шықты.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43-тен 42-ге көтерілсе, Зарина Дияс 93-тен 102-ге сырғып кетті.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.

Ерлер арасында әлемдік рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ден 39-сатыға сырғыса, Михаил Кукушкин 106-дан 105-ке, Дмитрий Попко 197-ден 186-ға жоғарылады.