Әлемнің 43-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 29-ыншы, осы жарыстың 24-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.
Бірінші партияда латвиялық теннисші басымдылық көрсетті – 6:3.
Екіншісінде Путинцева есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші сетті Остапенко жеңіспен аяқтады – 6:3.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 6 брейкке (12 брейк-пойнт) қол жеткізді,
Е.Остапенко ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады.