Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші бразилиялық Орландо Лужбен бірге финалда украиналықтар Денис Молчанов - Сергей Стаховскиймен күш сынасты.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.