Осло қаласында Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төртінші кездесуде Қазақстан мен Норвегияның бірінші ракеткалары Александр Бублик пен Каспер Рууд кортқа шықты.
К.Рууд әлемнің 8-ракеткасы болса, А.Бублик 32-орында еді.
Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 6:4.
Екінші сетте К.Рууд есе қайырды - 7:5.
Үшінші, шешуші партияны Бублик брейкпен бастады - 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді : 6:4.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.