Прага қаласында әйелдер құрамалары арасында 2022 жылы өтетін Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміз құрамасы Нұр-Сұлтанда Германиямен кездеседі.
Матч 2022 жылы елордада 15-16 сәуірде өтеді. Егер қазақстандық қыздар жеңген жағдайда алғаш рет финалдық кезеңге жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салатын болады.
Қазақстан құрамасы осы іріктеу сайысына биылғы сәуірде Аргентина теннисшілерін 3:2 есебімен жеңгеннен кейін өткен еді.