Қазақстандық, әлемнің 193-ракеткасы Дмитрий Попко Киев челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 342-орында тұрған италиялық Франческо Фортимен кездесті.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке барысында Попко 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізді.
Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингте 347-сатыдағы түркиялық Ерги Киркинмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Киев турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Т.Скатовтың ширек финалдағы қарсыласы – португалиялық Нуно Боргес.