12 мау, 2021 сағат 18:07

Теннис: Дмитрий Попко Алматы турнирінің финалына шыға алмады


Қазақстандық, әлемнің 195-ракеткасы Дмитрий Попко Алматы челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты.

Бірінші партияны Д.Попко брейкпен бастағанымен, қарсыласы теңестіріп отырды. Дегенмен 6:5 есебімен алға шыққан қазақстандық теннисші өз геймін ала білді – 7:5.

Екінші сетті 22 жастағы бельгиялық спортшы өз есебіне жазды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда З.Бергс 5:1 есебімен алға кетті.

Осыдан кейін Д.Попко жарысты жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Бельгиялық теннисші финалда тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовпен кортқа шығады