Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен словакиялық Виктория Кузьмова финалда ресейліктер Ангелина Габуева – Анастасия Захаровамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4.
Екіншісінде А.Данилина мен В.Кузьмова қарымта қайырды – 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:2.
Тартысты бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды.
Осылайша А.Данилина жұптық сында тағы бір титулына қол жеткізді.