Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге беташар ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті.
Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3.
Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Сосын 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алды – 7:5.
Данилина мен Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Жекелей сында Данилина алғашқы айналымда Гасановаға есе жіберді – 1:6, 4:6.