Қазақстанның - бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истбурн турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовпен шеберлік байқасты.
Бублик екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, бес эйс жасады. Қарсыласы төрт эйспен шектелді.
Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонего немесе рейтингте 43-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманның біреуімен таласады.