05 шіл, 2017 сағат 14:40

Теңізде үш миллиард баррель мұнай өндірілді

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында үш миллиард баррель мұнай өндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«ТШО жұмысшылары мен серіктестері атынан Қазақстан Республикасына Теңізді игеру ісінде сенім артқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бізге үнемі қолдау көрсетіп және көмектесіп келгені үшін рахмет айтамын. Бұл табыс - 2018 жылы аталып өтілетін ТШО-ның 25 жылдығына дайындықтың жақсы бастамасы болды. 2017 жылы ТШО болашақ кеңейту жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы аясындағы жұмыс қарқынын ұлғайтады», - деп хабарлады ТШО бас директоры Тед Этчисон.