2017 жылғы 13 наурызда «Tengri Bank» АҚ пен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ акционерлері арасында екі қаржы институтын біріктіру ниеті туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады «Tengri Bank» АҚ баспасөз қызметі.
Біріккен банк Қазақстан Республикасының қаржы нарығында өз ұстанымдарын айтарлықтай нығайтады деген болжам бар. Банктердің шоғырландырылған капиталы 43,2 млрд теңгені құрайды, бұл ЕДБ рейтингінде 17 орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Біріктірілген банк капиталының жеткіліктілік нормативі 19% жетеді, бұл ең төменгі рұқсат етілген-деңгейден 2,4 есе жоғары.
Бұл оқиға ең алдымен екі банк депозитарларының мүддесі үшін жасалып отыр және жалпы бизнесті дамыту әрі банктер мәлімдеген стратегиялық міндеттерді орындау үшін үлкен синергетикалық нәтижеге қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының нарығында банктік институттарды шоғырландыру есебінен ірілендіру екі банктің де стратегиясында көзделген болатын. Келіссөздердің нәтижелі аяқталуы болашақта осы бағытты әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.
Қаржы институттарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Қазіргі сәтте «Tengri Bank» АҚ пен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ корпоративтік қаржыландыру және жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша банк қызметтерінің толық кешенін көрсетеді.
2016 жылғы желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Tengri Bank» АҚ-тың «B+» деңгейінде ұзақ мерзімді кредит рейтингін растады, ал 2016 жылғы наурызда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-тың «B-» деңгейінде ұзақ мерзімді кредит рейтингін растады. Бұл рейтингтер банктердің тұрақты қаржылық ахуалын көрсетеді.