2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" генттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті.
Оның сомасы: - теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;
- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.
Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді.