Фото: ҚТЖ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке еліміздің теміржол саласы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары мемлекеттік марапат – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оған «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордені табысталды.
Қалтай Сәмбетов ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек етіп, стратегиялық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға, салада заманауи технологиялар мен басқару жүйесін енгізуге өлшеусіз үлес қосты. Оның қажырлы еңбегі мен кәсіби тәжірибесі Қазақстан көлік жүйесінің дамуына зор серпін берді.
Айта кетейік, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін ең жоғары ерекшелік белгі.
