03 қар, 2021 сағат 00:50

Теміржанов әлем чемпионатының жартылай финалында жұдырықтасады - видео


Бесінші қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалында жұдырықтасады. 23 жастағы Серік Теміржанов біріншіліктің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белградта (Сербия) бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Кешкі сессияда 57 келіде жұдырықтасқан Серік кезекті қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Ресейлік Эдуард Савинмен өткен жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталып, отандасымыздың пайдасына шешілді.

Айта кетерлігі, бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына осыған дейін Темірхан Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов және Сәкен Бибосынов шыққан болатын.