Фото: Вечерняя Караганда
Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Kazinformға сілтеме жасап.
Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды.
Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген.
Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды.
ТЖМ сағат 09:08 кезінде өрт оқшауланғанын хабарлады.
Үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған. Екінші зардап шеккен әйел — сауда жасауға келген қала тұрғыны.
Ол ауруханада жатыр.