Фото: gov.kz
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері дер кезінде келіп, оқыс оқиғаға тап болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
— Теміртау қаласы Менделеев көшесі бойында үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде қоқыс өртенді. Өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден 1940 жылы туған әйелді құтқарып, үйден табылған 1 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ күшімен жану толығымен сөндірді, — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.