Фото: Ақорда
Telegram Астанада жасанды интеллект зертханасын ашады. Бұл туралы бүгін Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Зертхана ЭКСПО аумағындағы Alem Al орталығында орналасады және Telegram мен Қазақстан Республикасының суперкомпьютерлер кластерінің ынтымақтастығы болады.
Дуровтың айтуынша, ол миллиардтан астам адамға орталықтандырылмаған есептеу жүйесі арқылы жасалған AI функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді.
