Соңғы кездері қазақ азаматтарының арасында -ов, -ев, - ова, - ева секілді өзінің тегіне жармасқан жалғаулардан арылғысы келетіндер көбейіп келеді. Осы орайда оқырмандарымызға аталған мәселені оңай шешу үшін аз-кем ақпарат береміз. Бұл туралы islam.kz сайты жазды.
Қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сай ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің аты жазылуы өзгерген жағдайда (-ов, -ев,- ин және т.б. жалғауларсыз, әкесінің атына ұлы, қызы сөздерін қосу арқылы) азаматтың жеке бас куәлігін және төлқұжат алуына қажетті құжаттар:
- тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
- мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қалаулы тегі, әкесінің аты көрсетіліп, ауыстырылуға тиісті құжаттар жайлы мәліметтер баяндалған жазбаша өтініш;
- ауыстырылуға тиісті жеке бас куәлігі, төлқұжат;
- туу туралы куәлік жеке басты куәландыратын құжат алғаш рет алынған кезде көрсетіледі.
- 3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет;
- жеке бас куәлігі үшін 0,2 АЕК, төлқұжат үшін 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртек.
Аталған құжаттарыңыз дайын болысымен халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, өзіңіздің тегіңізді қазақша жаздыруға өтініш бере аласыз. Мемлекеттік қызмет жедел түрде 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетілуі мүмкін. Жедел түрде рәсімдеудің бағасы: 7 жұмыс күні - 1989 теңге, 10 жұмыс күні - 904 теңге, 15 жұмыс күні - 563 теңге.